Today: 03-10-2024

Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай — ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", — деді Мемлекет басшысы.