КамАЗ көлігі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей экипажбен соқтығысты.
Белгілі болғандай, экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан
Семейде жүк көлігі мен полиция қызметтік автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда.
Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі