Today: 19-05-2026

Құрбан айт – 2026: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Айт намазы Астана, Алматы, Шымкентте 27 мамырда сағат 6.00-де оқылады.


Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 2026 жылғы Құрбан айт намазының кестесін жариялады.

Айт – арабшадан аударғанда, "мейрам" деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды.

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ, мұсылман шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратады, кедейлердің де аузы қызылға тиеді. Сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.


Оқи отырыңыз:

  • Бас мүфти Құрбан айт мерекесін қазақ дәстүріне сәйкес өткізуге үндеді
  • ТМҰ Мүфтилер алқасы Құрбан айтқа қатысты пәтуа шығарды. 26 мамыр – Арапа күні