Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалау бойынша 288 техника жұмыс істеп жатыр. |
Ауа райының нашарлауына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы бойыншы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы жабық.
Сондай-ақ Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» автожолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.