Белгілі әнші Мұқасан Шахзадаев ел арасында таралған қауесеттің нүктесін қойды. |
Ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында "Эстрада жұлдыздарын Мұқасан басқара ма?" деген көрерменнің сауалына жауап берді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Ол алып қашпа әңгімелер. Бірақ, шүкір беделіміз бар. Кішіні кіші, үлкенді үлкендей сыйлаймын. Соған сай олар да маған сондай құрмет көрсетеді. Ол біздің ата-бабадан келе жатқан қағидамыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет", — дейді өнер иесі.
Сондай ақ, әнші Нұр-Мұқасан тобының қайта құрылуы мүмкін екендігін жеткізді.
"Қазір Нұрлан өз алдына жұмыстарын жасап жатыр. Дегенімен, бәрі мүмкін. Бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Кездескенде амандығымыз түзу. 33 жыл бойы жиналған әндерді екеуміз де орындай береміз. "Мынаны сен айтасың. Мынаны мен айтамын" деп бөліскен жоқпыз", — деді.