Белгілі журналист, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған оқиғаға күйінді. |
Айтуынша аталған білім ордасында еден жуушыларды мектептің жөндеу жұмысына қосымша ақысыз, жұмысқа салып қойған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Неге құрылысшының міндетін еден жуушы атқаруы керек? Алматы облысының Қайназар ауылындағы мектеп. 200 балаға арналған білім ошағында 600 бала бар. Бала саны жыл сайын көбейгенімен еден жуушылар саны көбеймей тұр.
Ала жаздай демалыс көрмей, қабырғасы түскен мектепті сылап-сырлаумен айналысқан техничкалардан оқу ағарту министрілігі хабардар ма?
Неге қанша министр ауысып, Жаңа Қазақстан келсе де мұғалімді сайлауда, техничканы ремонтқа жұмсауды тоқтатпаймыз? Неге кәсіби құрылысшы жасайтын жұмысты уборщицалар атқаруы тиіс? Неге еш бұйрық, келісім-шарт жоқ? Неге тегін жасауы тиіс???», — деп налыды журналист.