
Доллардың 8 қазандағы ресми бағамы — 484,37 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,96 теңгеге көтеріліп, 486,44 теңге болды. Айта кетейік,
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 485,57 теңгеге, сатылымы 487,49 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 484,00 теңгеден сатып алынып, 488,05 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 7 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,28 теңгеге көтеріліп, 484,37 теңге болды.
Сурет: ашық дереккөздерден
Похожие материалы
Қазақстан мен шетелдегі жалақы мөлшері
26-03-2025
Қытай Қазақстанда алты жоба іске асырады
09-12-2024