Today: 24-12-2024

Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті болып сайланды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы кем дегенде алдағы 4 жылда комитетті басқаратын болады. Францияда өтетін жазғы Олимпиада (Paris 2024) мен Италияда өтетін қысқы Олимпиада (Milano Cortina 2026) ойындарына жауапты болады

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарып келді.