Today: 24-12-2024

Қазақстанда 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр

Бұл туралы заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссия отырысы барысында белгілі болды

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталғаны айтылды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 триллион теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңге болатын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.

"Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану", — деді Әлихан Смайылов.

Сурет: depositphotos.com