Today: 24-12-2024

"Мені үйге қайтарыңыздаршы": ХАМАС кепілге алған қыздың бейнежазбасы тарады (видео)

ХАМАС тобы израильдік 21 жастағы Миа Шемді кепілге алған. Израиль мен Франция азаматтығы бар қыздың көмек сұраған бейнежазбасы тарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол электронды музыка фестивалінде ұсталып қалған.

Қыздың қолы жараланған. Газа секторындағы ауруханада оған үш сағаттық ота жасалды.

"Мені баптап жатыр, дәрі-дәрмек қабылдаудамын, бәрі жақсы, мен үйге мүмкіндігінше тезірек қайтарыңыздар, ата-анам мен бауырларыма жеткізуді сұраймын. Бізді мүмкіндігінше тезірек алып кетіңіздерші", – дейді қыз.

Израиль қорғаныс армиясы өткен аптада Шемнің ұрланғаны туралы хабарлап, қазір олармен байланыста екенін айтты.

Израиль билігі Газада 199 адам кепілде деп ойлады, ал ХАМАС-тың ресми өкілі Әбу-Убейда 200-ден 250-ге дейін израильдіктерді ұстап отырғандарын мәлімдеді, олардың жартысының қос азаматтығы бар.

Әбу-Убейда Газа секторындағы израильдік әуе шабуылдарынан кепілге алынған 22 адам қаза тапты деп қосты.

Сонымен қатар ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы Халед Машал кепілдегі тұтқындарды Израильдегі палестиналықтарға айырбастайтынын айтты. Оның айтуынша, Израильде 6000 тұтқын бар.