Олардың бірі алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Дәрігерлер 2023 жылғы 12 қазанда құрылыс алаңында биіктіктен құлау салдарынан қалалық көпсалалы ауруханаға үш адам түскенін нақтылады.
"Үшеуіне де жұмсақ тіннің көптеген жарақаты, қабырғаның, жамбас сүйектерінің жабық сынықтары, ішкі ағзалардың жыртылуы, жоғары дәрежелі шок және травмалық жағдай диагнозы қойылды".Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер қарқынды терапия бөліміне жатқызылып, жарақаттарына жедел ем жүргізілген.
"Көптеген жарақаттың салдарынан 1999 жылы туған жігіт 12 қазан күні сағат 17:40-та қайтыс болды".Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі
Қазір екі зардап шегуші (1999 және 2002 жылы туған) реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.
Олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.
Елордалық тәртіп сақшылары құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Сурет: pixabay