Әнші, сазгер Медеу Арынбаев денсаулығындағы кінәрат үшін сахнадан алыстап қалғанын мәлімдеді. |
Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Оның бәрі артта қалды. Осыдан төрт жыл алдын денсаулығыма байланысты ота жасалды. Одан кейін бір жылдан аса уақыт өз-өзіме келдім, аса сахнаға ұмтылған жоқпын. Дертіңді айтқың да келмейді екен. Уақытысында сахнада ес жоғалтып қалу деген жағдай болды. Ән айтып тұрып, қан көтеріліп кеткен секілді болды. Оның не екенін де түсінбейсің. Ол 14-15 жыл алдын болды. Талып қалғаннан Құдай сақтасын. Басқа бір ойға кетесің де, айтып тұрған әнің тоқтап қалады, музыкаң өтіп жатыр. Бұл Алматыда өткен үлкен сахнада болды. Содан кейін де мен көңіліме алып қалған шығармын." Медеу Арынбаев қауіпті екен оны қайтеміз" деген әңгімелер де болды. Сөздің ашығы, сахнадан шеттеп қалған кезім болмады емес, болды. Ота жасалды, барлығы артта қалды. Қазір денсаулығымда бәрі қалыпты, — деді Медеу Арынбаев.
Бұған дейін әнші эпилепсия дертіне шалдығып, ота жасатқанын айтқан болатын.