Today: 24-12-2024

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы сот кеңсесінен белгілі болды.

Елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін түсіндірді.

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

  • Күдікті Қ.Бишімбаевқа ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.
  • Күдікті Б.Байжановқа ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
  • ҚПК-нің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені бес тәуліктен кешіктірмей шешеді.

2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.

2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

Кейін Ішкі істер министрлігі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қоса, "Азаптау" бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.

Сурет: primeminister.kz