Today: 11-01-2025

Сербиядан Қазақстанға қылмыстық топ мүшесі экстрадицияланды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заңбұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқаны айтылды.

"Биыл 18 қарашасында "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген", — делінген хабарламада.