Today: 11-01-2025

Асхат Тарғын ата-анасына бағалы сыйлық жасады (ВИДЕО)

Өнер иесі бауырларымен бірге әке-шешесіне темір тұлпар мінгізді.

Әнші Асхат Тарғынның жанұясы анасының 70 жас мерейтойы, ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай той жасады. Осы кеште өнер иесі бауырларымен бірге ата-анасына көлік мінгізді.

Бұл туралы Асхат Тарғын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік. Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға көлік мінгіздік. Ауыл арасында, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын», — деп жазды Асхат Тарғын.