Today: 25-11-2024

“Нағашы атам зорлады”: Жезөкше қыз бұл жолға түсуіне не әсер еткенін айтты

Ер адамдарға интим қызмет көрсететін Анжелла (аты өзгертілген) есімді бойжеткен өзін жезөкшелікке жеңгесі сатып жібергенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Red_aidana You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен 4 сыныпқа дейін нағашы әжемнің қолында керемет өмір сүрдім. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін нағашы ағам мен жеңгем қарады. 7 сыныпта нағашы атам зорлады. Қанша жерден сенімді адам болса да сенімді адамның қасына қыз баланы жалғыз қалдырмау керек. Өйткені мені туған нағашы атам зорлаған. Бірақ мен осы нәрсені қабылдағым келмей, өз-өзімді алдаймын. Өйткені ол кісіні қатты жақсы көрдім. Кейін жеңгемнің қыздарының сыныптастары, мені атамның зорлағанын естіген. Отырыстан шыққан бір топ жігіт мені зорлады. Осы нәрсенің бәрін көткріп жүрген өзіммен мақтанамын. Кейін 9 сынып бітіргеннен кейін Алматыға оқуға түскім келіп, анама хабарласқанымда менімен араласудан бас тартты. Сол кезде жеңгем осы адам сені Алматыға апарады деп сары Баха деген әйелге сатып жіберген. Оны бүкіл Қазақстан таниды деп естігем. Ол әйел мені бір коттеджге апарды. Іші қараңғы қорқынышты болатын. Сол кезде менің жүрегім дүрсілдеп қорқа бастадым. Үйдің ішінде музыка қосылып тұрды, ашық киініп алған қыздар жүрді. Мағап сап-сары үлкен әйел келіп, қош келдің жұмысқа, сені жаңағы әйел маған сатып жіберді деп айтты", — дейді ол.

Ол өзіне отбасылы ер адамдардың көп келгенін де жасырмады.

"Таңға дейін алған кісілер өздерінің әңгімелерін айтып отыратын. Негізі маған келетін адамдардың көбісі отбасылы адамдар деп айтсам болады. Бойдақтар өте сирек келеді. Мен ер адамдар қылығым арқылы баурап алатынмын. Өмірде өзім күліп қалғанмын. Айнаға қарап билеп, өзімнің қылықтарымды шығаратынмын. Денеме, шашыма жақсы күтім жасайтынымын, және ер адам келгенде биік өкшемен тыр жалаңаш шығатынмын. Қашанғы жылап жүремін деп өз-өзімді қолдан жасадым деуге болады. Қасымдағы қыздар да былай істе, былай жаса деп көп көмектесті. Негізі сөйлесу де ер азаматқа қатты әсер етеді. Мен күліп, көзіне қарап, ден қойып тыңдап сөйлесетінмін. Төсекте еркін қимылдадым. Сосын ер адамдар мақтау сөзді жақсы көреді. Бірақ күндіз емес, төсекте мақтау керек. Мен маған келген ер адамдарды көп мақтайтынмын. Бірақ, өтірік айтуға болмайды. Олар өтірікті сезіп қояды. Дауыспен де көп жұмыс істедім. Ер адамдар дауысты жақсы көреді. Шыңғыршы, айқайлашы, тырнашы деп айтатын", — дейді ол.

Анжелланың айтуы бойынша өзіне келіп жүріп, ғашық болып қалған еркектер де болған.

"Маған ғашық болып қалып ұсыныс айтқан ер адамдар көп болды. Мен қазір есімдерін айтып отыра алмаймын. Тіпті, еліміздегі бір қаланың әкіміне дейін маған менің тоқалым бол, барлық жағдайыңды жасап беремін деп ұсыныс жасады. Бірақ менде ешқашан клиентке тұрмысқа шықпаймын, тоқал болмаймын деген принцип болды", — дейді ол.