Today: 06-10-2024

"Қайдағы Ораза, қыртпай сабақтарын оқысыншы": Желіде оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы бір топ ата-аналар жаппай шу шығарды

Бүгін, 11 наурыздан бастап күллі мұсылман қауып қасиетті Ораза айын қарсы алды.

Желіде мектеп жасындағы балалардың ата-аналарының Ораза ұстауға қатысты наразылығы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде түрлі парақшаларда балалардың ауыз бекітуге қатысты видеолар тарауда.

Оған қатысты оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер балалардың Ораза ұстауына жаппай қарсы екенін аңғаруға болады.

"Балаларға Ораза ұстау зиян. Өсіп келе жатқан организм. Кіп-кішкентай балалар олар, періште. Қандай күнәсі бар?", "Қайдағы Ораза, қыртпай сабақтарын оқысыншы, мектеп, колледж оқушыларына ораза ұстауға заңмен тыйым салып тастау керек. Егер ол заң орындалмаса, баланың әке-шешесіне штраф төлету керек", "Бұрын кемпір-шалдар ғана ұстайтын, солардың суын ішіп, сәресіне бірге тұрып мән болатынбыз, қазіргілерді білмеймін, не әкетіп бара жатқандарын, жай, әшейін, қызық көреді ғой деймін балалар" деп жазды олар.