Today: 23-12-2024

Абай облысы Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Науқаста сібір жарасы анықталған жоқ.

Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.

Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ. Медициналық диагноз: сол жақ бетінің стафилококково-стрептококковты карбункул.

Қазіргі таңда Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі