Әнші Нұржан Қалжан сахнадан көрінбей кеткенімен, тойға жиі шығып тұрғанын, қанша гонорар алатынымен бөлісті. |
Ол бұл туралы "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Сахнаға шықпай кеткен уақытта да мені қазағымыздың тойы, өнерді сүйетін тыңдарманы өлтірген жоқ. Он жыл сахнаға шықпай кетсем де, тек тойда жүріппін. Тойдан қалған жоқпын. Менің гонорарым Алматының ішінде қымбат емес. 150-200 мың теңге. Сол сомаға бір рет шығамыз. Үш немесе төрт ән айтылады. Ал той көңілді, жақсы өтіп жатса, 4-5 ән айтамыз», — деді өнер иесі.