Today: 27-11-2024

«Жалғыздық сездім»: Балжан Бидаш пәтеріндегі бір күнімен бөлісті

Кешью тобының экс-солисті әнші Балжан Бидаш пәтеріндегі өмірімен бөлісті.

Өзі жалғыз түскен видеодан соң көпшілік Жахан Отарғалиевтың қайда екенін сұрап, "Ажырасып кеткен бе?" деген сауалдарын жаудыруда, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Оқырмандарының бір бөлігі "Бұл видеодан жалғыздық сездім" десе, енді бір бөлігі "Жан тыныштығын тапқан сияқты", "Екеуі бір-біріне тең емес еді" деген пікір жазуда.
Жұлдызды жұптар бұл қауесетке қатысты әлі ештеңе айтқан жоқ. Әзірге елге нақты жауабы белгісіз. Халық қақ жарылып бірі хайпқа балап, бірі ажырасып кеткен деп болжап отыр.

Не де болса, шулы оқиға өнер иелерінің танымалдығын тағы арттырған сияқты. Әнші Балжан Бидаштың желідегі оқырмандарының саны 1 миллионға жетіп, көк белгіні алды. "1 миллион оқырман құтты болсын деп жатыр екенсіздер. Мен тіпті ұмытып кетіппін. Менімен бірге болғандарыңызға рақмет", — деген ол.