Today: 23-11-2024

Қазақстан мен Мысыр арасында қатынайтын рейстер саны аптасына 48-ге дейін өседі

Астанада Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды екіден үшке дейін ұлғайту келісілді.

Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына Fly Aystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAirCargo және Air Cairo тасымалдаушыларына RedSea және Nile Air тағайындады.

Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдербойынша екі елдің әуе компаниялары өзаракоммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екітараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сурет: ҚР ИИДМ