Фото: MTI/EPA/Ian Langsdon
Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.
S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.
Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағыбелсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандырудықоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.
S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.
ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде егеменді рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.