Today: 23-12-2024

"Ең ауыры балаңызды инвалидностқа шығарасыз ба деген сұрақ болды": Ырысбала Икрамбай ұлының денсаулығы туралы бар шындықты айтты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тұңғыш ұлының денсаулығы туралы көпшілік біле бермейтін шындықты жайып салды.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жанашырларым сіздерден қызғануды, қорғануды жөн санамадым, сіздер де тфә-тфә деп түкіріп ақ тілектеріңізді арнап қойыңыздаршы. Жақсылықты бөліссең көбейеді дейді қазақ көрер, жетер, бұйыртар жақсылығымыз ккөөөөппп болсыншы баршамыздың! Білесіздер тұнғышымыз 5 жасқа келді, бес дәрігерге барсақ бесеуі бес түрлі диогноз қойды. Дцп дан басталып Аутизм, РАС, ЗППР,Алалия, ЗРР барлығы айтылды. Ең ауыры балаңызды инвалидностқа шығарасызба деген сұрақ болды. Бір үміт, бір күдікпен үнемі жылаумен, Алладан сұраумен жүрген едік. Пададан алдын шаң шығарғым келмейді бірақ жүрегім орнына түскендей, Аллаға сансыз шүкір айтып,дән риза болып жүрмін. Аллам шүкір менің жүрегімдегі мұңымды жауапсыз қалдырмағаныңа шүкір, тәубе. Жігітіміз орыс тілінде онға дейін санап, түстердің біршамасын ажыратып айтып, қарындасының суретін алып келіп Коконти деп інісін Ошоп деп былдырлады. Үйде ешкім орысша сөйлемейді, ол ойыншықтарымен телефонынан, баламның аузынан бір ауыз сөзді есту арман болған ана ретінде мейлі орысша, ағылшынша неге қытайша шықпайды әйтеуір тілі шықсыншы, қаны қазақ — тілі алыстамайды, үйренеміз. Балам үшін берілмеймін қатарымызға қосылу үшін әлі біраз еңбектенуіміз керек, еңбектенеміз атқа мінеміз, жүзуге барамыз, массаж қабылдаймыз, логопедке барамыз. Әлі-ақ қатарымызға қосылып, тіпті алды да боламыз. Әкесі бір жақта қуанып, мен бір жақта қуанып шүкір,шүкір деп теріс қарап көз жасымызды тығылып сүртіп қойып жүрміз. Ешбір ананы баламен сынамасыншы! Аллам бұйыртып толық сөйлеп кетейікші, бастан кешірген қателіктерімізді, қабылдаған емімізді барлығын толық айтамын, жазамын", — деп жазды блогер.