Today: 27-11-2024

Абай облысында алаяқтар қарияға несие рәсмдеген

Алаяқтар зейнеткердің ұялы телефонын пайдаланып,1 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген.

Ер адам өзінің танысынан телефонға интернет байланысын орнатуды сұрағанын айтты.

Гаджетті алғаннан кейін ауданның 42 жастағы тұрғыны интернетті орнатып қана қоймай, телефонда орнатылған зейнеткердің банктік қосымшасын пайдаланып, оған 1 млн.теңгеден астам сомаға несие ресімдеген. Сонымен бірге, күдікті түскен ақшаны дереу өз шотына аударған.

Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-42 жастағы әйелді ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: ашық дереккөздерден