«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жанкүйерлерге алғысын білдірді:
«Бұл кеште Орталық стадионға келгендердің барлығына рақмет! Күннің аязына және жұмыс күні болғанына қарамастан, трибуналар тірі, қолдау көрсетіп, сенді. Диас Төлеу түлегіміздің рухына тағзым еткендеріңізге ерекше алғыс білдіреміз. Иманда болсын.
