Today: 26-12-2024

Ақтауда құлаған ұшақтан 29 адам тірі қалып, ауруханаға жеткізілді

Арасында Ресей, Әзірбайджан, Қырғызстан азаматтары бар.

Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Осы уақыттағы мәлімет бойынша аман қалған 29 адам, барлығы ауруханаға жеткізілді. Арасында Ресей, Әзірбайджан, Қырғызстан азаматтары бар. Олардың ішінде 2 бала бар. 11 адам жансақтау бөліміне түсті.

ТЖМ командалық орталығында 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, Ақтау қаласында 8-7292-31-90-91 жедел желі телефондары жұмыс істейді.

Осы сағатта жедел желі телефондарына 272 қоңырау келіп түсті.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі