Today: 23-12-2024

Қазақстан былтыр туризмнен рекордты табыс көрді

Алыс шетелден келген әрбір турист 1500 доллар пайда әкеледі.

Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден Қазақстанға келген бір турист орташа есеппен 1500 доллар пайда әкеледі екен. Осылайша, әрбір шетелдік демалушы елімізде 2 жұмыс орнын қамтамассыз ететін болып шықты.

Былтыр Қазақстанға 1 миллион шетелдік турист келіпті. Ал туризмнен түскен пайда рекордқа жетіп, 389 миллиард теңгені құраған.

Демалушыларды күтетін орындар 183 миллиард теңге көлемінде табысқа кенелген.

"Кейінгі екі жылда елімізде туризм саласында еңбектенетін адамдар саны артып, 500 мың адамға дейін жетті. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін 800 мың адамды туризм саласындағы жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр", — дейді мәдениет вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сурет: pixabay.com/visitalmatykz