Today: 06-10-2024

Алматылықтарға қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертілді

2024 жылғы 13 ақпанда "Қазгидромет" РМК қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескерту жолдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 13-14 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі еріген және тұрақсыз қар жамылғысына байланысты тауларда қар көшкіні қаупі жоғарылайды.

"Қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауларда сақ болыңыз", — делінген хабарламада.