Ең төменгі жалақы қазақстандықтардың бірқатар маңызды шығындарын есепке алмайды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Депутат Қазақстандағы ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) есептеудің дұрыстығына күмән келтірді.
"Үкіметке сұрақ туындайды. Мемлекеттің баға саясатына қатысу мәселесін қайта қарап, бизнестің ғана емес, адамның да мүдделерін бірінші орынға қойылама екен. Мәселен, ең төменгі жалақы қазір 85 мың теңгені құрайды. Астанада 19 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы 20,4 мың теңге. Бұл ЕТЖ-ның төрттен бірі. Мұндай көрсеткіштер жұмыс істейтін ересек адамның асырауында кәмелетке толмаған балалары болуы мүмкін екенін ескерсек, өте қолайсыз", — деді ол.
Тиісінше, азық-түлік шығындары кем дегенде екі-үш есе артады, деп түсіндірді депутат.
"Бұл көрсеткіштер жүріп-тұру, демалыс, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер, білім беру және тұру шығындарын ескермейді. Осыны негізге ала отырып, мынадай сұрақ туындайды: азық-түлік тауарларының шекті бағасы ең төменгі жалақыға қатысты пропорционалды емес жоғары екенін ескерсек, елдегі баға саясаты қаншалықты тиімді?" — деп ол үкіметке өтінішпен жүгінді.
Салыстырмалы түрде ол Беларуссиядағы жағдайды мысалға келтірді, онда 29 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі қарастырылған. Оларға балалар мен диеталық тағамдарға арналған құрғақ сүт қоспалары, сондай-ақ, ботқа мен ет консервілері кіреді. Осылайша, Беларусь ересектер мен балаларға да, диеталық тамақтануға мұқтаж адамдарға да тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырды, деп түйіндеді Магеррамов.
Бұған дейін, Қазақстанда азық-түлік себетін және күнкөріс минимумын ұлғайту ұсынылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 48 897 теңгені құрады.