Аталмыш төрт оқиға бойынша да зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталуда.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде 1 ш.м. алаңда тұрмыстық заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін жергілікті тұрғындар өз күшімен өртті сөндірді. ТЖД күшімен 3 бала өрттен құтқарылды . 1 бала жану өнімдерімен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ал, СҚО-да шөптің жануы жойылды. М.Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылында трактор арбасында шөптің жануы орын алды. Өрт сөндірушілер өртті 30 шаршы метр аумақта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
"ТЖМ жем-шөпті дайындау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады", делінген ведомство хабарламасында.
Жамбыл облысындағы өртке келетін болсақ, оттан 3 газ баллонын алып шықты. Тараз қаласының жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында жиһаз цехына айналдырылған қорада өрт болды. Өрттен құтқарушылар 3 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. ТЖМ күштерімен шақырту түскен сәттен бастап 29 минут ішінде жану 20 ш.м. алаңда жойылды.
Ведомство Алматы облысында кафе отқа оранғанын да жеткізді. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы кафелердің бірінде бөлек тұрған ас бөлмесінің жануы болды. ТЖМ күштерімен өрт шақыру түскен сәттен бастап 40 минут ішінде 165 ш.м. алаңда жойылды.
Аталмыш төрт оқиға бойынша да зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталуда.
Сурет: Zakon.kz