Today: 05-10-2024

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 6 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы алты қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"2024 жылғы 28 ақпанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Астана, Жезқазған, Өскемен, Риддер, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.